«Ақтөбе» кешегі ойыннан кейін бас бапкерді орнынан босатты

Ақтөбе» футбол клубы бас бапкер Владимир Мухановтың кететінін ресми мәлімдеді

Маманның жетекшілігімен өткен ақтөбеліктердің соңғы ойыны «Таразбен» болды, бұл кездесуде «Ақтөбе» ойсырай ұтылды – 0:3.

«Таразбен матчтен кейін «Ақтөбе» футбол клубы Владимир Мухановпен келісімшартты тоқтату туралы шешімге келді. 

«Ақтөбе» Владимир Васильевичке біздің командамен жеткен жетістіктері үшін алғыс білдіріп, ары қарайғы карьерасында сәттілік тілейді», – делінген хабарламада.

Бас бапкер қызметін Петр Бадло атқарады