«Ахмат» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марат Быстровқа Түркияның екі клубы қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Матч ТВ.
29 жастағы футболшы «Гиресунспор» пен Түркияның екінші лигасында өнер көрсететін «Умраниеспордың» назарына ілікті. Қос клуб та Быстровқа ұсыныс жасауға дайын отыр.
Қазақстандық футболшы Ресей чемпионатының ағымдағы маусымында 20 кездесу өткізді. Оның «Ахматпен» келісім-шарты маусымның соңында аяқталады.
Айта кетейік, футболшының нарықтық құнын Transfermarkt 900 000 еуроға бағалап отыр.