«Қайрат» Елдос Ахметовті командағы қайтарып алмақшы

Алматылық «Қайрат» командасы «Тараздың» қорғаушысы Елдос Ахметовті команда сапына қосуға ниетті. 

31 жастағы футболшы осыған дейін 2017 және 2019 жылдар аралығында «Қайрат» сапында өнер көрсеткен еді. Бүгінгі таңда «Қайраттың» бапкерлері қорғаушыны командаға қайтарып алуға ниетті. Бірақ «Тараз» командасы Ахметовті тегін жіберуге дайын емес. 

Өткен қысқы Ахметов «Астана» командасымен келісімшарт жазған болатын. Алайда кейін «Таразға» қайта оралды. 

Айта кетейік, жалпы өз карьерасында қорғаушы «Ертіс» пен «Қайсар» сапында да ойнаған. Қазақстан құрамасында 16 ойынға қатысқан.