Түркістандық «Тұранның» бас бапкері қызметінен босатылды

Түркістандық «Тұран» командасы бас бапкер Владимир Газзаевтың қызметінен кеткенін хабарлады. 

Ресейлік маманның отбасылық қиындықтарына байланысты екі тарап келісімшартты бұзған. Енді «Тұранның» бас бапкері қызметін уақытша Қуаныш Қабдулов атқарады. 

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатында Газзаевтың бастамасымен «Тұран» үш кездесу өткізіп, бір ғана ұпай жинап, турнир кестесінде 13-орында келеді.