Талдықорғандық «Жетісу» қазақстандық Тимур Жакупов пен ресейлік Михаил Мищенконы сапына қосты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Жакупов карьерасын «Тобылда» бастаған. Сонымен қоса, ол «Шахтер-Болат» пен «Оқжетпес» сапында өнер көрсеткен. 26 жастағы футболшы ойнаған кейінгі команда «Ақсу» болды.
32 жастағы Мищенко Ресейдің екінші деңгейлі лигасында ойнаған. Ол «Рубин», «Терек», «Алания», «Сахалин», «Тосно» және «Луч-Энергии» командаларында өнер көрсеткен. Қазақстанда 2020 жылдан бері «Тараз және «Қайсар» сияқты клубтарда ойнап келеді.