«Шахтер» «Монпельенің» бұрынғы ойыншысын жалға алды

«Ахмат» 22 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Амир Адуевтің «Шахтерға» ауысқанын хабарлады.

Ойыншы қарағандылық клубқа 2022 жылдың соңына дейін жалға берілді. Бірақ «Ахмат» футболшыны 1 маусымнан бастап клубқа қайтара алады.

Амир Адуев бала кезінен Францияда өмір сүрген. Ол «Монпелье» жастар командасымен бірге ел чемпионы атанып, Гамбарделла кубогін иеленді. Франциялық клуб сапында 16 матчта 7 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.