«Астана» франциялық футболшыны қатарына қосты

«Астана» футбол клубы 30 жастағы франциялық жартылай қорғаушы Жереми Манзорромен келісімшартқа отырды.

Жереми өзінің мансабын Францияның «Реймс» командасында бастаған, алғашқы ойынын 2010 жылы өткізген. Содан соң Болгария чемпионатында «Черноморец» пен софиялық «Славия» клубтарында 80 матч өткізіп, 16 гол салып, 12 нәтижелі пасымен көзге түскен.