«ТАРАЗ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАПКЕРГЕ СЕНІМ АРТПАҚ

«Тараз» футбол клубының бас бапкері болып Нүркен Мәзбаев тағайындалуы мүмкін. Оның ассистенті болып Әзиз Анарметов қызмет етеді деп жоспарлануда.

Анарметов өткен жылы «Тараздың» жастар командасын жаттықтырды. Ал Нүркен Қалдыбекұлы «Астана» клубында бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеді. Екі маман да Жамбыл футбол мектебінің түлектері болып табылады.