УЕФА Чемпиондар лигасы: 1/8 финалдың жеребесі екінші рет тартылды

УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде 2021/2022 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі екінші рет тартылды

Елорда уақытымен 17:00-де жеребе тартылып, барлық жұп анықталған еді. Алайда, рәсім барысында екі ірі қателік кеткендіктен, жеребені қайта тартуға тура келді.

Ережеге сай, 1/8 финалда топтық кезеңде бірінші орын алған команда өзге топта екінші орын алған командамен кездеседі. Бірақ бір елдің қос командасы жолықпайды.  

Жеребе қорытындысы:

«Ред Булл Зальцбург» (Австрия) – «Бавария» (Мюнхен, Германия);
«Спортинг» (Португалия) – «Манчестер Сити» (Англия);«Бенфика» (Португалия) – «Аякс» (Нидерланды);«Челси» (Лондон, Англия) – «Лилль» (Франция);«Атлетико» (Мадрид, Испания) – «Манчестер Юнайтед» (Англия);«Вильярреал (Испания) – «Ювентус» (Турин, Италия);«Интер» (Милан, Италия) – «Ливерпуль» (Англия);«Пари Сен-Жермен» (Франция) – «Реал» (Мадрид, Испания).

Айта кетейік, 1/8 финалдың алғашқы ойындары 2022 жылы 15/16/22/23 ақпанда, қарымта кездесулер 8/9/15/16 наурызда өтеді деп жоспарланған.