Матч аяқталысымен «Ареманың» жанкүйерлері ашуланып, футбол алаңына қарай жүгірген. Тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ шаша бастаған.
Адамдар, оның ішінде трибунада отырғандары да қорқып, стадионнан кетпек болған. Салдарынан адамдар сығылысып қалған. Қайғылы оқиға салдарынан 127 адам қаза болған, оның ішінде әйелдер мен балалар да бар. 180-ге жуық адам ауруханаға жеткізілді.
Лига басшылығы алдағы аптадағы бірнеше матч кейінге қалдырылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіледі.