Алматылық «Қайрат» өз қатарына бірнеше ойыншы қосқанын мәлімдеді
Александр Широбков, Лев Кургин және Байжан Меделханмен 2024 жылдың соңына дейін келісімшарт жасалды.
Үш ойыншы да «Қайраттың» тәрбиеленушілері. 2021 жылдың жазында «Қайрат-Москва» командасына өткен еді. Ол жақта Александр – 10, Лев – 29 және Байжан – 34 ойын өткізген. Өз кезегінде Кургин бір және Меделхан бес гол авторы атанған.
Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» клубы жақында ғана жаттықтырушы ауыстырып, жаңа бас бапкер ретінде Кирилл Кекер таныстырылған еді.