«Шахтер» Қазақстан чемпионын ірі есеппен ұтты

Қарағандылық «Шахтер» өз алаңында «Тобылды» ірі есеппен ұтты

Біріншіліктің тоғызыншы турында «Шахтер» өткен жылғы чемпионды 4:1 есебімен ұтты.

Матчтағы шешуші сәт 32-минутта болды. «Тобыл» ойыншысы Алекса Аманович екінші ескертуін алып алаңнан қуылып, қостанайлықтардың қақпасына бірден пенальти белгіленді. Ал Тимур Досмағамбетов 11 метрлік айып добын мүлтіксіз орындады.

Екінші таймның басында Николай Ковталюк (47-минут) есепті еселеді. Ал 62-минутта Досмағамбетов дубль авторы атанды. Кездесудің 70-минутында «Тобыл» сапында Айбар Жақсылықов көзге түсті. Алайда араға 11 минут салып Роман Муртазаев ойынның соңғы голын салды.

Осылайша, «Шахтер» 13 ұпаймен турнир кестесінде алтыншы орынға дейін көтерілді. Ал 12 ұпайы бар қостанайлықтар болса тоғызыншы орында келеді.