«Қайрат» камерундық футболшымен келісімшарт жасады

«Қайрат» футбол клубы камерундық қорғаушы Давид Эквемен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

19 жастағы қорғаушы алматылық ұжымға келмес бұрын өз еліндегі Криби қаласының «Офта» футбол клубында өнер көрсеткен.

Давид Түркиядағы қысқы ОЖЖ-да «Қайрат» сапында доп тепті және бапкерлік құрамға өзін жақсы қырынан көрсете білді.

Келісімшарт мерзімі 2022 жылдың соңына дейін жасалған.