ЦСКА мен Краснодар құрамаларының бұрынғы жаттықтырушысы Екатеринбург клубының келесі маусымдағы бас бапкері қызметіне негізгі үміткерлердің бірі, деп хабарлайды Чемпионат.
«Екатеринбург клубы, егер команда осы маусымның соңында РПЛ-да қалатын болса, Гончаренконы тағайындағысы келеді», – деді дереккөз.
Гончаренко 2015 жылы «Уралда» жұмыс істеген. Маманның соңғы жұмыс орны Краснодар болды, ол қаңтарда жұмыстан шығарылды.