Артета каталондықтарды баптау үшін, «Арсенал» сапынан кетуге дайын. Бұл ақпарат туралы sports.es хабарлады. Испандық бапкер бұл туралы клуб басшыларымен сөйлескен. Алайда Микельде 2026 жылға дейін келісімшарт жасалған.
Қазір Хави өз еркімен клубтан кеткесін, «блаугранас» бапкері туралы көптеген сыбыстар бар.
Жақында «Барселонаны» Ганси Флик баптауы мүмкін екені айтылды. Еске сала кетейік, 2021 жылы каталондықтар бұл бапкерді өз қарамағында көргісі келген.