Қырғызстан құрамасының футболшысы ойын тәжірибесінің аздығына байланысты «Қайраттан» кетуі мүмкін. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісінде AlatauFans парақшасы жазды.
Жартылай қорғаушы ойын тәжірибесінің аз болғанына көңілі толмайды. Ол биыл Қазақстан біріншілігінің 11 кездесуінде тек екінші таймда алмасып қосылып отырды. Ал бас бапкер Құрбан Бердыевтің әңгімесіне сенетін болса, Алықұловтың ойыны 5-2-3 жүйесіне мүлде келмейді.
Осыған байланысты Гүлжігіт Алықұлов жазда шет елдік командалардың біріне ауысуы мүмкін. Қазіргі уақытта бірнеше еуропалық клуб жартылай қорғаушыға қызығушылық білдіруде.
Айта кетейік, Transfermarkt бұл футболшыны бір миллион еуроға бағалап отыр. Ал Алықұловтың «Қайратпен» келісімшарты 2023 жылғы маусымның соңында аяқталады.