«Ақтөбе» шабуылшысы Максим Самородов жарақатынан айығып, Премьер-Лиганың үшінші тур ойынына дайындалуда, деп жазады клубтың баспасөз қызметі.
«Кім келгенін қараңыздар! Максим Самородов «Астана» мен «Ақтөбе» матчына дайындалып жатыр», – делінген клубтың instagram парақшасында.
6-шы наурызда «Ақтөбе» бас бапкері Владимир Муханов Самородовтың жарақаты барын және жақын арада ота жасау керектігі жайлы айтқан еді. Биылғы маусымда футболшы ҚПЛ ойындарында алаңға шықпады.
«Астана» мен «Ақтөбе» кездесуі 17-ші наурызға жоспарланған. Турнир кестесінде үш ұпайы бар батысқазақстандық ұжым жетінші орында тұрса, «Астана» әзірге ұпай алмады.